RU

Оралда үрейленген жолаушылар автобус терезесінен секірген

Оралдағы жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Басылымының мәліметінше, 24 тамыз күні таңертең Оралда екі жолаушылар көлігі соқтығысты. Оқиға орнынан жедел жәрдем бірнеше ондаған адамды алып кетті. Сайтқа "Орал таза сервис" компаниясы жұмыскерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасынан кейін адамдар үрейленіп, автобустың терезелерінен секіре бастаған.

Полицияның мәліметінше, №7 автобустың жүргізушісі көше бойымен келе жатқан кезде, қашықтық интервалын бұзып, Renault DUSTER көлігімен соқтығысқан. Кейін қашықтықты сақтамау салдарынан автобус алдыңғы жолда келе жатқан автобуспен соқтығысады. Нәтижесінде екінші автобус өз алдында келе жатқан көлікке соғылады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыздар: Отқа қойылған ванна, карта және ішімдік: Қызылордалық шенеуніктер қалай демалады?

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнар Әбдірахманованың хабарлауынша, жедел жәрдемді 8.47-те шақыртқан. Оның айтуынша, апаттың салдарынан 45 адам зардап шекті.

"15 адам облыстық клиникалық ауруханада және 30 адам – қалалық көпсалалы ауруханада тексеруден өтіп жатыр. Әзірге кеуде қуысы ауырған аяғы ауыр әйел ауруханаға жатқызылды. Қалғандары тексеруден өтіп жатыр", — дейді ол.

Оған қоса, облыстық балалар ауруханасында төрт бала бар. 17 жасар жасөспірімнің бас сүйек миы, 16 жасар жасөспірімнің бүйрегі зақымдалған. Он және бір жасар екі бала тексеруден өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597674-zhanturshigerlik-zhol-apaty-oralda-urey.html