RU

Тілектер қабыл болады: Шаруа бір хабарламаның арқасында Меккеге аттанып кетті

Twitter-дегі бір хабарлама Ганалық қарапайым шаруаға Меккеге баруға мүмкіндік берді деп жазады muftyat.kz.

"Мұны біраз үлкен етіп жасағанда, ол мені Меккеге апара алар ма екен?". Бұл сұрақты аэротүсірілім үшін қолданылатын дронды көрген Гананың Абдулла есімді шаруасы түрік телевидениесінің журналисіне қойған екен.

TRT World телекомпаниясының журналистері ганалық шаруалар тіршілігін түсіру үшін Гана ауылдарының біріне келген болатын. Журналистің айтуынша, шаруалардың бірі дронға расымен де қызығушылық танытып, телекомпанияда Меккеге апарып келе алатындай үлкен дрон бар ма деп сұраған.

Журналист бұл жөнінде Twitter әлеуметтік желісіне жазған болатын, ал бұл хабарлама жария болған соң, күтпеген жағдай орын алады. Түркияның қарапайым адамдары мен кәсіпкерлері ганалық шаруаның арманын орындауға дайын екендерін білдіріп журналистке хабарласады.

Бұл мәселеге Түркияның Шетел істері министрлігі де қосылады. Нәтижесінде, Абдулла қазір Ыстамбұлда, Меккеге ұшқалы отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597716-tilekter-qabyl-bolady-sharua-bir-khabar.html