RU

Электрші, барлаушы, әртіс: Қазақстанның министрлер кабинетін жаулаған кімдер?

Бүгінде қазақстанның министрлігін басқарып отырғандар қандай мамандықты меңгерген? Бұл сұраққа жауапты NewTimes.kz агенттігі іздеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Сонымен, арасында электршіден бастап барлаушыға дейін бар отандық министрлер кабинетінің өкілдері қай мамандықты тәмамдап, қандай қызметте болған:

Энергетика министрі – экономист, бұрынғы облыс әкімі әрі мұнай компаниялары басшылар құрамының мүшесі

Ұлттық экономика министрі - менеджер, аудитор

Ауылшаруашылық министрі - зооинженер, биржалар басшысы, елші, облыстық әкім

Қаржы министрі - инженер-электрші, экономист

Әділет  министрі - заңгер, СІМ-нің және президент әкімшілігі мен мемлекеттік істер агенттігінің бұрынғы қызметкері

Дін істері және азаматтық қоғам министрі - офицер, КСРО қарулы күшінің қызметкері, елші, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы

Тағы оқыңыздар: Отқа қойылған ванна, карта және ішімдік: Қызылордалық шенеуніктер қалай демалады?

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі - инженер-металлург, елші, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы

Қорғаныс министрі - әскери қызметкер, барлаудың экс-басшысы, Тәжікстандағы бейбітшілік миссиясының мүшесі

Ішкі істер министрі - заңгер, тергеуші, криминалды полиция басшысы, облыстық ІІД басшысы

Ақпарат және коммуникация министрі - халықаралық саясат бірлігі заңгері, дипломат, президенттің баспасөз хатшысы

Инвестиция және даму министрі - сәулетші-дизайнер, банктің басты маманы, транспорт және коммуникация министрлігінің қызметкері

Денсаулық сақтау министрі  - токсиколог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, денсаулық сақтау менеджері

Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі - инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, информатика пәнінің мұғалімі, әкімнің орынбасары

Сыртқы істер министрі - тарихшы, дипломат, елші, ЕҚЫҰ, БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдар тұсындағы Қазақстанның тұрақты өкілі

Мәдениет және спорт министрі - оркестр әртісі, виолончельде ойнаушы, республикалық гвардия оркестрінің президенті, өнер академиясының ректоры

Білім және ғылым министрі – экономист, СІМ қызметкері, ауылшаруашылық жағдайын сараптау бойынша ссистент, «ФудМастер» компаниясы басышылығының мүшесі, жеке университеттер мен түрлі компаниялардың президенті, индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597765-elektrshi-barlaushy-artis-qazaqstanny.html