RU

Дүкеннен 16 шоколад пен виски ұрлаған ақтөбелік тұрғын істі болды

Ақтөбелік сауда орындарында 16 шоколад пен виски ұрлаған адам ұсталды. Ерекше ұрлық жасаған 34 жастағы ақтөбелік тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Керек Инфо хабарлайды.

Ақтөбеде 25 жастағы тұрғын полицияға шағымданған. Оның айтуынша, шамамен кешкі сағат 21:30-да дүкен сөрелерінен біреу виски шарабы мен 16 дана шоколадты қолды еткен.

Тағы оқыңыздар: Тілектер қабыл болады: Шаруа бір хабарламаның арқасында Меккеге аттанып кетті

Келтірілген шығын көлемі шамамен 17 мың теңгені құрады. Ақтөбе облыстық криминалдық полиция қызметкерлері 34 жастағы күдіктіні анықтады. Оған ешқайда кетпеу туралы бұлдартпау шарасы қолданылды.

"Аталған іс бойынша Қылмыстық Кодекстің 188 бабы бойынша (Ұрлық) тергеу амалдары жүруде", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597805-aqtobelik-turghynnynh-shokolad-urlaymy.html