RU

Қуат "Найман": Мені неге бейшаралар ғана жекпе-жекке шақыра береді?

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов өзін жекпе-жекке шақырған боксшы Әмірхан Төлеуовке жауап берді деп хабарлайды Vesti.kz.

Файтер неліктен мұндай ұсыныстарға назар аудармайтынын және Төлеуовтің "өзіне жауап қайтара алмайтындар ғана сын айта алады" деген айыбына жауап берді.

"Шынын айтсам, ондай шақырулар туралы естімеппін де. Егер БАҚ өкілдері сұрамаса, ол туралы естімей де кетеді екенмін. Ал мені жекпе-жекке шақырғандар жарыған спортшы болса екен. Мүмкін сонда назар салар ма едім. Ал былай олар "өліктер" ғой. Бүгін бар да, ертең жоқ.

Неге менімен жұдырықтасқысы келетінін білмеймін. Бірақ адамдар сенің сөзіңе емес, жетістігіңе қарайтынын есте ұстау керек.

Мықты спортшы шақырса жарайды. Бірақ бір нәрсені түсіне алмаймын, мені үнемі бір бейшаралар жекпе-жекке шақырады. Неге? Олар менің бейшараларды ешқашан ұрмайтынымды біледі.

Түсініңіздер мен мықты спортшыны сыйлаймын. Боксшы ма, палуан ба, бәрібір. Олар еліміздің даңқы үшін тер төгеді. Сондықтан олармен таласым жоқ. Рингке де шығайын деп жүргенім жоқ.

Тағы оқыңыздар: Заманауи биден жастарды шаң қаптырған әже желіде жұлдыз болды

Ал былай Мұхаммед Әлиден таяқ жесем, арманым болмас еді. Маған бір сабақ болар еді. Көп нәрсе үйренер едім.

Ал боксшы мен ММА файтерінің жұдырықтасуы сияқты тәжірибелерге көзқарасым оң. Бірақ қарсыластар деңгейлес болуы керек.

Мен "жауап қайтара алмайтындарға ғана сын айта алады" деген айыпқа қатысты айтарым: Боксшы ма, басқа ма маңызды емес. Мені жеңе алатын адам жоқ. Жекпе-жекке шақырмақ түгілі, түкірігіме де тұрмайтын адамдар бар", - дейді Хамитов.

Еске салайық, боксшы Әмірхан Төлеуов Қазақстандағы футболды сынаған Қуат Хамитовты жекпе-жекке шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597909-quat-nayman-meni-nege-beysharalar-ghana.html