RU

Атырау облысы әкімінің грант иегерлері белгілі болды

Бүгін, 24 тамыз күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен, білім беру гранттарын бөлу конкурс комиссиясының отырысы өтті.

Айта кету керек, биылғы жылы алғаш рет студенттер жоғары оқу орындарында жергілікті бюджет есебінен білім алуға мүмкіндік алды. Барлығы 222 білім беру гранты бөлініп, оның 178 педагогикалық мамандықтарға, 35 медициналық және 9 студент ветеринарлық мамандықтар бойынша оқитын болады. Білім грантының иегерлері Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жоғарғы оқу орындарында оқитын болады.

Комиссия төрағасы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, гранттарды мамандардың жетіспеушілігі байқалатын салалар бойынша дұрыс бөлу маңыздылығын атап өтті, бұл мемлекет есебінен білім алған болашақ түлектер өз салаларындағы кадр тапшылығын жауып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосады.

Білім беру гранттарын алуға барлығы 252 өтініш түсіп, конкурстық іріктеу жолымен ең үздік үміткерлер таңдалды. Мемлекет есебінен оқыған студенттер келешекте өз мамандықтары бойынша Атырау облысы аумағында жұмысқа орналастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1597931-atyrau-oblysy-akimininh-grant-iegerle.html