RU

Оралда 58 адам зардап шеккен жол апатына кімнің кінәлі екені анықталды

Оралда 60-қа жуық адам зардап шеккен жантүршігерлік апатқа кімнің кінәлі екендігі белгілі болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Оралда қоғамдық көліктердің жарысы жол апатымен аяқталды. Жылдамдықты шамадан тыс асырған жолаушыға лық толы автобус қаланың қақ ортасында үш бірдей көлікті соғып барып бір-ақ тоқтаған. Салдарынан 58 адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында жүкті әйел мен кішкентай балалар көп.

Куәгерлердің айтуынша, апатқа 7-ші автобустың жүргізушісі кінәлі. Жолдағы кептелістен қашып, қарсы бетке шыққан ол алдындағы басқа автобус пен 2 жеңіл машинаны соғып бір-ақ тоқтаған. Қоғамдық көлік  тізгінінде болған адамның ереже бұзғанын полиция да растап отыр.

Тағы оқыңыздар: Дүкеннен 16 шоколад пен виски ұрлаған ақтөбелік тұрғын істі болды

"Жинақталған мәліметке сүйенсек 7 бағытта келе жатқан автобустың жүргізушісі жол ережесін бұзып жеңіл автокөлікті соққан. Сосын 5 автобусты соққан. Ал бесінші автобус тағы бір жеңіл көлікті соққан", - БҚО ІІД бөлім бастығы Манарбек Нажиев.

Қазір 7-ші автобустың жүргізушісі ауруханада жатыр. Полицейлер одан түсініктеме алуда. Ал зардап шеккендердің басым бөлігі медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілген. Олардың кейбірі енді маральдық материалдық шығынды өтеу үшін сотқа шағымданамыз деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598045-oralda-58-adam-zardap-shekken-zhol-apatyna.html