RU

Ашуға булыққан әке туған ұлын тірідей өртеп жіберді

Өзбекстанның Ферғана облысы Олчин ауылының 51 жастағы тұрғыны 27 жастағы баласының үстіне бензин құйып өртеп жіберді.

Күдікті құқық қорғау органы қызметкерлерінен тығылып қалған. Ұлының денесінің 70 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер оның жағдайын мүшкіл деп отыр.

Куәгерлердің айтуларына қарағанда, әке мен бала арасындағы жанжал автокөлікке байланысты туған.

"Әкесі баласынан көлігін бере тұруын сұраған. Бірақ баласы көлік өзіне керек екендігін айтқан. Бұл отбасында бір ғана көлік бар еді. Сол кезде әкесі бензинмен баласын өртеп жіберген", - деді ол.

Тағы оқыңыздар: Жеңіл жазамен құтылып кеткен атышулы "шымкенттік Үсеновтің" әкесі кім?

Ферғана облысы құқық қорғау органы қызметкерінің хабарлауынша, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Өзбекстанда осы тәріздес қылмыстар жиі тіркеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598236-ashugha-bulyqqan-ake-tughan-balasyn-orte.html