RU

Күйеуін қызғанған келіншек өзі күдіктенген әйелді тірідей өртеп, қорқынышты күйге түсірді (фото +18)

Натали Димитровска есімді әйел 2012 жылы ақпан айында "күйеуім көзіме шөп салды" деп күдіктеніп, жантүршігерлік қылмысқа барды. Ол еш кінәсі жоқ Дана есімді әйелді тірідей өртеп жіберген. Бұл туралы NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ескерту: Жүйкесі жұқа адамдарға төмендегі фотоларды қарауға кеңес бермейміз!

Әйелдің қызғануына себеп кешкі отырыстардың бірінде 25 жастағы күйеуі Эдиннің Данамен жай ғана сөйлесуі болатын.

Натали әйелді өртеп жіберу туралы ойын іске асырмақшы болып, Даниель Стоунмен бірге оның үйіне жасырын кіріп жатқанда, Дана диванда ұйықтап жатқан болатын.

Дананың айтуынша, Натали белгісіз сұйықтықты Дананың бетіне, қолына және кеудесіне шашқан.

Тағы оқыңыздар: Ашуға булыққан әке туған баласының үстіне бензин құйып өртеп жіберді

«Сәлден кейін айналаның барлығы өртеніп жатқанға ұқсады. Барлық жер өртенді: бетім де, қолым да, жалаңаш денем де», - деп еске алады Дана.

Вулин өзіне көмек керек екенін түсінді, үстіне су шашпақшы болғанда ол қолының терісінің қалай еріп, ағып жатқанын көрді. Аздан соң оған көмектесуге көршісі, дене шынықтыру залында жұмыс жасайтын Дэнис Эриксон келді. Вулиннің айтуынша, ол - оның құтқарушысы.

Алайда, нағыз қиындық оны алда күтіп тұрыпты. Есін жиған кезде Вулин денесінен ауырлықты байқады.

Натали 2015 жылы 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал өрттен кейінгі уақыттың ішінде Вулинге 200-ге жуық ота жасалған. Оның денесінің 60% күйік шалған және ол 2,5 жыл бойы бетіне арнайы бетперде киіп жүруге мәжбүр болған.

Дана Вулин 1,5 жыл ауруханада жатқан, үш рет кеудесінің терісін алмастырған.

Тағы оқыңыздар: Жеңіл жазамен құтылып кеткен атышулы "шымкенттік Үсеновтің" әкесі кім?

Қазір әйел өзін «заманауи медицина жетістігінің қарапайым мысалы» ретінде көрсетеді және мотивациялық оратор болып жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598237-kuyeuin-qyzghanghan-ayel-tiridey-ortep.html