RU

Құны 42 000 теңгелік вискиді екі минутта жасайтын алматылық полицейлердің жағасын ұстатты

29 жастағы Алматы тұрғыны құны 42 000 теңгеден астам тұратын элиталы ішімдікті үйінде жасағаны үшін ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Күдіктінің сөзінше заңсыз кәсіппен айналысқанына біраз болған. Оңай олжа тапқысы келген азаматты тәртіп сақшылары қылмыс үстінде ұстап алған да, ол қымсынбастан вискиды қалай қолдан екі минутта жасайтынын көрсетіп берген.

«Бірінші пакеттегі арзан вискиды бөтелкеге құямын, сосын үстіне «Қазақстан» коньягінен кішкене құямын. Қақпағын жауып, сыртын ыстық желдеткішпен үрлеп жауып тастаймын. Дайын.»,- дейді күдікті.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттегі аты дардай мейрамхана палауының ішінен шеге шықты (фото)

Элиталы арақ жасағыш азамат қазір уақытша қамауда отыр. Оның істінен қылмыстың іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Қылмысы дәлелденсе жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598252-almaty-turghyny-42-000-tenhgelik-viskidi-eki.html