RU

Танымал журналисті атақты Алакөлдің сиқы шошытты (фото)

Танымал журналист Арман Шораевты Алакөл жағалауындағы демалыс орындарының сиқы шошытты. Ол жағалаудан "торғайдың ұясын" салуға алты сотық жер бөліп отырған әкімдерді сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Арман Шораев бұл ойымен Facebook арқылы бөлісті.

Ол жағалаудағы демалыс орындарын осындай кейіпте тұрғызу жалғаса берсе, 20 жылдан соң не болатынын айтты.

"Алакөлдің сән-салтанатты қонақ үйлеріне қош келдіңіздер! Осынау бірегей көлдің жағалауына мынадай лашықтарды салуға рұқсат беретін әкімдіктердің топастығына таң қаламын! Бурабайдың да дәл осылай сиқын кетірді. Ендігі кезекте Алакөл тұр ма? Өз туған жеріңе танытқан қандай немқұрайлық?!

Туристік саланы жүргізудің бұрыннан жазылған заңы бар. Бұл заңмен сол Түркия мен Испания да жұмыс жасайды. Кез келген жағалауға құрылыс жүргізу үшін мемлекет алдымен оның бас жоспарын жасайды. Онда жағалау маңындағы жерді отбасылық демалысқа арналған қонақ үй орны, одан әрі пансионат, одан соң санаторий, скаут лагері, содан кейін қоғамдық жағажайға деп жер телімін бөледі. Әр туризм объектісінің қанша адам қабылдай алатынын анықтап, жердің әр метріне антропогендік қысымды өлшейді.  

Содан кейін мемлекет сол жерге қажетті коммуникацияны - су, кәріз жүйесін, электр жүйесін, жылу жүйесін тартуы тиіс. Сонда ғана сол жер туралы әлемге тендер жариялауға болады. Бодрум, Анталья, Кемер және Пхукетті дәл солай салған. Қай ақымақ бізге осылай әрекет жасауға кедергі? Қай ақымақ фанерадан торғайдың ұясын салу үшін алты сотық жерді таратып отыр? Енді 20 жылдан соң осы қарқынмен біз өзіміздің жақұт жерімізді лас шалшыққа айналдырамыз", - деп күйінеді журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598368-tanymal-zhurnalisti-ataqty-alakoldinh.html