Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ет асудың хас шеберіне айналған орыс қызы шымкенттіктердің өзін таңғалдыруда (фото)

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысында өзбек ұлтының өкіліне тұрмысқа шыққан орыс қызы үйінде қазақтың ұлттық тағамдарын үзбей жасап, әр бейсенбі күні иіс шығарып, әруақтарға құран бағыштайды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

43 жастағы Алена Салимова Ресейдің Смоленская облысының тумасы. Ал өзбек жігіті Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жылдары Аленамен танысады. Арадағы достық махаббатқа ұласып, орыс қызы 19 жасында қазіргі ОҚО, Сайрам ауданына келін боп түседі. Екі жастың ата-аналары олардың бұл шешіміне еш қарсылық білдірмеген.

Тағы оқыңыздар: Малайзия премьер-министрінің қызы Данияр Кесікбаевқа ұл сыйлады (фото)

«Келін боп түсе сала енем мені өз қызындай көрді. Мен сияқты орыс қызына қамыр илеп, бесбармақ жасау, бауырсақ пісіру деген таңсық боп көрінді. Енем маған «қолыңнан түк келмейді» деп ешқашан сөккен емес. Қайта: «Қызым, үйде ешкім жоқ кезде аз ғана қамыр илеуді үйрен. Жаюды өзім көрсетемін» деп ақылын айтты. Қамыр илеуді тез меңгеріп алдым. Алғашында енемнің өзі жайып жүрді», - деді ОҚО тұрғыны.

«Кейінірек бауырсақ пісіруді үйрендім. Әлі есімде менің әзірлеген тағамыма көршілерім құмар болды. Тіпті «орыс қызы қамыр жайыпты» таң қалғандары да болды. Бүгінде әр апта сайын үйде иіс шығарып, бауырсақ пісіріп тұрамын. Ал сәрсенбі күні өзбек ұлтының дәстүріне сай сыр күріш немесе палау әзірлеймін, қаттама нан да пісіремін», - деген Алена Салимова аптаның үш күнінде ет асып, бесбармақ әзірлеуді әдетке айналдырғанын айтты.

Дастарханынан қаймақ пен сүзбе, айран үзілмейді. Айтпақшы, өзбек шаңырағының келіні еттің қамырын міндетті түрде қолмен жаяды. Дүкендегі дайын жаймадан ерекше дәмді сезбейсіз дейді.

Тағы оқыңыздар: Танымал журналисті атақты Алакөлдің сиқы шошытты (фото)

«Үйдегілер қамыр ауқатты жақсы көреді. Әсіресе қайын атам мен жолдасым. Одан өзге біздің үйде қазақтың ашыған көжесі үзілмейді. Енем 27 жыл болды осы бизнеспен айналысады. Биыл менің келін боп түскеніме 24 жыл толып отыр. Көже дайындауды да енем үйретті. Қазір барлығы дайын ғой түйілген бидай да, жүгері де. Бұрын қолмен түйетінбіз. Арасында енемнің орнына дүкенге барып, өзім де сатамын көжені. Негізі қазақтың ұлттық тағамдары тәтті әрі пайдалы ғой. Қазы-қарта мен жал-жаяның адамға қандай күш-қуат беретінін бүкіл әлем біледі. Ал еттің сорпасы тіптен керемет», - деп сөзін жалғаған тұрғын өзбек ұлтының ұлттық тағамы палау басуды қайын атасынан үйренгенін айтты.

«Өзбектерде палауды ер азаматтар басады ғой көбіне. Қайын атам керемет аспаз. Сол қасиеті ұлына да дарыған. Бүгінде жолдасым Шымкенттегі кафелердің бірінде кәуап жасаушы боп жұмыс істейді. Кенже ұлым да соның жолын қуды. Ал маған палау әзірлеуді қайын атам үйретті», - дейді Алена Салимова.

Айтпақшы, ет асудың хас шеберіне айналған тұрғыннан әлі күнге дейін көршілері кеңес сұрап тұрады екен.

«Сенің жайған қамырың дәмді, бауырсағың тіл үйіреді» дейді көршілерім. Әрине, ондай мақтау сөздерді естігеніңде қуанып қаласың. Осы ретте енеме үлкен алғысымды айтқым келеді», - деген ОҚО тұрғыны болашақ келіндерімнің қолынан тағам әзірлеу келмесе, еш сөкпеймін деп отыр.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандықтарға банктағы қаржыларын жоқ қылатын жаңа вирус шабуылдауда

Қайта бар білгенімді үйретіп, өз енемдей ене боламын дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1598409-et-asudynh-khas-sheberine-aynalghan-orys-q/

pixel