RU

Бас мүфти Мәдинаға аттанған қажылардан ел тыныштығы үшін дұға етуді сұрады

Қажылардың тағы бір тобы Мəдина қаласына аттанды. 400 қажыны Астана əуежайында шығарып салған Бас мүфти Ержан Малғажыұлы ел үшін дұға жасауды аманат етті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Сіздер үлкен сапарға аттанып барасыздар. Сабырлықпен қажылық жасап, ел бірлігі, тəуелсіздігіміз, ел тыныштығы үшін дұға жасаңыздар.

Тағы оқыңыздар: Адам сенгісіз оқиға: Қаражаты жетпесе де, қажылыққа баратынын естіген кейуана егіле жылады

Тілектеріңіз қабыл болсын. Қажылық өте жауапты сапар. Туристік сапар емес. Ғибадат болғандықтан сабырлық қылыңыздар. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының миссиясы сол жерде жұмыс жасайды. Сіздерге барлық жағдай жасалатын болады. Пайғамбарымыздың қаласына 5 сағат 40 минутта жетесіздер.  Ел үшін дұға жасауды ұмытпаңыздар", - деді қажыларды әуежайда шығарып салған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

22 тамыз күні  290 қазақстандық қажының алғашқы легі Мəдина қаласына жетіп үлгерді. Кеше түнде тағы 400 қажы ұшаққа отырды. Астана уақытымен сағат 12:30-да ұшаққа отырғандардың табаны алты сағаттан кейін қасиетті орынға тиді.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық қажылар бір мезетте миллионнан аса адам намаз оқитын пайғамбар мешітінде жүр

Астана əуежайында халық көп болды. Сапарға шығушылар да, шығарып салушылар да қуанып жүр.

"Қажылыққа барғанда мұсылман бауырларға дұға жасаңызшы. Əсіресе, мұсылман əйелдерге тілектеріңіз оң болсын. Шын мəнінде бізді адастырушылар көп. Бауырларымыз адаспасын, тура жолда болсын деген дұғада болыңыздар. Жолдасым гид болып барады. Араб тілін жетік біледі. Оған нығмет бұйырған шығар. Себебі олар Алланың қонағын күтуге барады. Анадан жаңа туғандай болып келіңіздер. Қазір қажыларды көріп қатты толқып тұрмын", - дейді жолдасын шығарып салған Ардақ Қасымова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598430-bas-mufti-madinagha-attanghan-qazhylard.html