RU

Жаңбыр жауса Венецияға айналатын Астанада енді құрбақалар қаптап кетті (фото)

Астанада Есілден ағын судың аз келуіне байланысты құрбақалар қаптап кетті. Ақбұлақ жағажайы қазір құрбақалардың мекеніне айналған деп хабарлайды NUR.KZ.

Судың бетіне тазалық жұмыстары жүргізілуде, дегенмен тазалау жұмыстары айтарлықтай нәтиже берер емес.

Өзендегі судың деңгейі өте қатты түсіп кеткен, сондықтан судың өз еркімен қозғалыста болып, ағынмен тазаруға қауқары жетпейді.

Шалшықтан жасыл түске боялған судың бетінде құрбақалар емін-еркін "ән салып", астаналық балаларды қуантуда. Ал үлкендерге бақалардың "әні" аса қатты ұнай қоймаған секілді.

Тағы оқыңыздар: Елімізге белгілі продюсер Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде қызын ұзатты (фото)

«Құрбақалар әсіресе Абылайхан көпірінің астында көп. Қыздар көпірде қыдырып жүргенде құрбақалар атып шығады, ал қыздар болса шыңғыра жөнеледі. Кішкентай балаларға бұл ұнайды. Мен оларға құрбақаларға тиіспеу керектігін, жай ғана сырттай бақылап тұру керектігін түсіндіремін», - дейді жергілікті балықшы.

«Шалшық өзенге келер болсақ біздің қаламыз онсызда батпақта жатыр. Судан жағымсыз иіс шықпайды, сондықтан олардың көзін жоюдың не қажеті бар, бұл табиғат қой. Су астындағы баспалдақтар судың ағысының жақсаруы үшін салынған, бірақ олар көмектеспейді. Тым кішкентай. Дегенмен, кейбір қалаларда өзендер мүлде жоқ қой», - деді Астана тұрғыны.

Тағы оқыңыздар: Малайзия премьер-министрінің қызы Данияр Кесікбаевқа ұл сыйлады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598467-shalshyq-qala-astanada-kenetten-qurbaq.html