RU

Елімізге белгілі продюсер Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде қызын ұзатты (фото)

Елімізге белгілі продюсер Алтынбек Рахметов кеше қызы Айзаданы ұзатып, Алматы тойында дүбірлі той жасады.

Продюсердің шаңырағындағы қуанышты бөлісуге оның жақындары мен шоу-бизнестегі әріптестері келді. Атап айтар болсақ, Баян Есентаева сүйіктісі Тұрсын Алагөзовпен және сіңілісі Бағым Мұхитдинқызымен арнайы қонақ болса, "Кешью" тобы тойда өнер көрсетіп, қонақтардың көңілін көтерген.

Тағы оқыңыздар: Атышулы "Ninety Оne" тобының фильміне отандық миллионердің өзі келді (фото)

Екі күн бұрын ғана Италияда сүйікті жарымен  саяхаттап жүрген Сәкен Майғазиевте өнердегі әріптесінің қуанышынан қалғысы келмегенге ұқсайды.

Продюсердің қызын Жазира Байырбекова "Ақ ботам" әнімен шығарып салды.

Тағы оқыңыздар: Қазақ тілін "менсінбейді" деп жиі сынға ұшырайтын отандық жұлдыздар кімдер?

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598472-elimizge-belgili-prodyuser-qyzyn-uzat.html