RU

Малайзия премьер-министрінің қызы Данияр Кесікбаевқа ұл сыйлады (фото)

Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разак немерелі болды. Сәбидің ата-анасы премьердің қызы Нуриана мен қазақстандық Данияр Кесікбаев деп хабарлайды NUR.KZ.

Нәресте 2017 жылдың 17 тамызында дүниеге келген. Оған Адам Разак Даниярұлы деген есім берілгені белгілі болды.

Перзентханадан нәрестені алып шығу салтанатына Малайзия үкіметінің мүшелері, экс-бірінші ханым, премьер-министрдің анасы, Брунея патшайымы, Индонезия экс-президентінің қызы, жас жұбайлардың ата-анасы және Даниярдың бауыры келген.

Одан бөлек Кесікбаевтың ұлын шығарып алу салтанатына екі отбасының бірталай жақындары жиналды. Олар нәрестемен бірге кортежге отырып, премьер-министрдің резинденциясына бет алған.

Немерелі болған премьер-министрге әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар жолданып жатыр.

Премьер ата атанғанын өзі Twitter-аккаунтында қуана хабарлаған.

"Менің жаңа немерем, Адам Разак! Әлхәмдулиллә, анасы мен баласының денсаулық жағдайы жақсы", - дейді саясаткер.

Отандық және шетелдік БАҚ мәліметтеріне сәйкес, Данияр Кесікбаев кезінде Қазақстан президентінің бауыры Болат Назарбаевтың жары болған Майра Құрманғалиеваның ұлы.

Еске салсақ, Данияр Кесікбаев 2015 жылдың 19 наурызында Малайзия премьер-министрінің қызына үйленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598474-malayziya-premer-ministrininh-qyzy-da.html