RU

Алматылық ата-ана үйінен шығып кеткен екі жасар сәбиін таба алмай жанұшыруда (фото)

Алматыда екі жасар балақай жоғалып кетті. Ол бәрі ұйықтап жатқанда үйінен шығып кеткен. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

«Жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Шараға жедел із кесуші топ және криминалдық полиция қызметкерлері атсалысуда. Баланың анасы екі жасар Есімхан Аниздің жоғалып кеткендігін күндізгі сағат 11-де білгенін айтқан. Анасының айтуынша, бала таңертең отбасы мүшелерінің барлығы ұйықтап жатқанда үйден шығып кетіпті.

Полицияға шағымданбас бұрын баланың ата-анасы өздері таппақ болып әрекеттенген, бірақ ешқандай нәтиже шықпаған.

Қазіргі уақытта баланы іздестіру жұмыстары қарқынды түрде жалғастырылуда. Іздестіру жұмыстарына Алматы қаласының барлық полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласының ІІД-і тұрғындардан баланы көрген болса немесе қандай да бір ақпарат білген жағдайда мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды:

Тағы оқыңыздар: Шалшық қала: Астанада кенеттен құрбақалар қаптап кетті (фото)

"227-55-00; 227-55-01; 227-55-02 227-55-39, 8-707-470-17-01, 8-775-225-79-76, 8-778-468-95-08, 8-702-284-11-13, 8-702-561-15-98 немесе 102", - деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД-нің полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Баланың сырт келбеті: бойы 70-80 см, орташа денелі, шашы қара, көзі қара, мұрны орташа, ерні жұқа, қасы доға тәріздес. Үстінде ақ кеудеше және көк түсті аяқ киім. Ерекше белгілері жоқ.

Алатау ауданы ІІББ-нің айтуынша, олар іздеу жұмыстарын түнде де тоқтатпаған. Полиция қызметкерлері аудандағы барлық құдықтар мен қуыстарды тексеріп шыққан.

"Іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, бүгін баланы іздестіруге тағы да 50 әскери қызметкер мен 50 мектеп мұғалімі қосылды. Бұл үлкен жауапкершілік, біз үшін әрбір минут қымбат, себебі балаға қауіп төнуі мүмкін", - деді подполковник Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598595-almatyda-uyinen-shyghyp-ketken-eki-zhasa.html