Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байбек: Біз жер сілкінісі туралы білдік, тек халықты дүрліктірмейік дедік

Опубликовано:

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жақында бүкіл қалалықтарды шошытқан жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Әкім Алматы білім қызметкерлерінің тамыз айындағы жиынына қатысты.

"Жақында Алматыда төрт балдық жер сілкінісі тіркелді. Ешқандай ауыр салдары болмайтынын білгендіктен, тұрғындарды дүрліктірмедік. Дегенмен біз тек алдын алу мен ескерту ауыр салдардан құтылуға мүмкіндік беретінін түсінуіміз керек", - дейді Байбек.

Әкім жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін еместігін де алға тартты.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында екі адамдық ұшақ құлады

"Танымал мамандар тек алдын ала ескерту, сапа, стандарттар және адамдардың өзін ұстауы апатты жағдайда тұрғынның өмірін сақтай алатынын айтты. Біз ТЖ қызметкерлерімен бірге оқушыларға апатты жағдайда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіруіміз керек. Тек алдын алу", - дейді қала басшысы.

Байбек Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта болғандықтан, нысандарды жер сілкінісіне барынша дайын ету өте маңызды екенін айтты.

Қала басшысы осы жылы бірден 28 нысан жер сілкінісіне төтеп бере алатындай жөндеу жұмыстарынан өтіп жатқанын мәлімдеді. Ол үшін 23 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген екен. Жоспар бойынша оқу жылының басына дейін он нысанда жөндеу жұмыстары бітпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1598606-baybek-biz-zher-silkinisi-turaly-bildi/

pixel