RU

ОҚО-да 25 жастағы жігіт ауыл әкімі болып тағайындалды

Отырар ауданы Шілік ауыл округін ең жас әкім басқарады. 25 жастағы Жансұлтан Әділжанұлы жергілікті маслихат депутаттарының жасырын дауысы арқылы сайланып отыр деп хабарлайды ТВК арнасы.

Ал, Мақтарал ауыл округінің ең қария әкімі 62 жастағы Дарханбек Инәрұлы.

Жалпы, Елбасының жарлығына сай, 2013 жылы Республика бойынша бірінші рет 181 ауыл округінде әкімдер сайлауы ұйымдастырылды. Биыл өкілеттік мерзімнің аяқталуына байланысты 107 ауыл округінде 7 мен 24 тамыз аралығында қайта сайлау өткізілді.

Тағы оқыңыздар: Жеңіл жазамен құтылып кеткен атышулы "шымкенттік Үсеновтің" әкесі кім?

Конститутциялық заңға сай ауыл әкімдері төрт жыл мерзімге тағайындалады. Облыстық орталық сайлау учаскесінің төрағасы Әлібек Өміралиевтің айтуынша, дауыс беру кезінде ешқандай арыз-шағым келіп түспеген.

Сондай-ақ, салыстырмалы көрсеткіш бойынша мемлекеттік қызметке қызығушылар саны да өсіпті. Әрі әкімдерге артылар жауапкершілік арта түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598681-oqo-da-25-zhastaghy-zhigit-auyl-akimi-bolyp.html