RU

Ашушаң жігіт өзімен кездесуге бармай қойған қыздың қолын шауып тастады

Үндістан штаттарының бірі Уттар-Прадеште 15 жасар қыз 19 жастағы Винод Чуразиямен кездесуге бармағаны үшін қолынан айырылды деп жазады Oxu.Az-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, қолына қылыш алған жігіт ағасымен бірге базар аралап жүрген қызға аттанған.

Винод ұзақ уақыт бойы оқушыны өзімен кездесуге баруға көндірмекші болған. Алайда қыздың бәрбір кездесуге көнбейтінін түсінген ол, ашуланып жасөспірімнің қолын кесіп тастайды.

Тағы оқыңыздар: Бір топ жастар хиджабтағы қызды аяусыз соққыға жықты

Осыдан кейін ол қызды тағы да жараламақшы болған, бірақ жергілікті тұрғындар оны тоқтатып үлгереді.

Көп қан жоғалтанқан 15 жастағы қызды ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Винодтың қызды соңғы айларда үздіксіз аңдып жүргендігі анықталды.

Қазір полиция қастандық жасаған адам туралы ақпарат беруі үшін қыздың есін жиғанын күтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598692-ashushanh-zhigit-ozimen-kezdesuge-barmay.html