RU

Алматы облысындағы ұшақ апаты: бір адам қаза тапқан

Алматы облысының Балқаш ауданында екі адамдық ұшақ апатқа ұшырады.Бұл ақпаратты Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Азамат Жұртбаев NUR.KZ тілшісіне растады.

Қазақстанның Инвестиция және даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жекеменшік ұшақ  «Олжа Бастау» ЖШС-ға тиесілі.

"Ұшақта екі адам болған. Авиациялық апат орын алған жерге ТЖД қызметкерлері барды. Ұшқыш қаза тапқан, ал жарақат алған ұшақ иесіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға Алматы облысының солтүстік-шығысында 20 километр қашықтықта орналасқан Жиделі аймағында орын алған.

МAULE М-7-260С ұшағы АҚШ-та жасалыпты", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да 25 жастағы жігіт ауыл әкімі болып тағайындалды

Сондай-ақ, «Олжа Бастау» Азаматтық авиация комитетінің арнайы сертификаты мен куәлігін алмағаны анықталды.

Балқаш аудандық ІІБ кезекші бөлімінің мәліметінше, ұшақтың құлағаны жайлы ақпарат 25 тамыз күні шамамен сағат 11:30-да келіп түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598827-almaty-oblysynda-eki-adamdyq-ushaq-qul.html