RU

"Темір адамның" бетпердесімен сабақ жүргізетін мұғалім жұртты таңғалдырды (фото)

Малайзиядағы халықаралық ислам университетінің оқытушысы дәріс кезінде "темір адамның" бетпердесін киіп, көпшіліктің таңданысын тудыруда. Бұл туралы NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ахмад есімді азамат студенттерінің жазбаша жұмыстарын тексерген кезде бетперде киіп алуды әдетке айналдырған екен.

Тағы оқыңыздар: Танымал әншілердің сәтсіз шыққан суреттері қандай?

"Олар менің бет-жүзіме қарап, жұмысын қалай қабылдағанымды білуге тырысады. Сосын түрім өзгеріп сала берсе, жұмысынан төмен баға алғанын ойлап, алаңдай бастайды. Ал мен студенттердің маған бола алаңдағанын қаламаймын", - дейді 29 жастағы ұстаз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598886-temir-adamnynh-betperdesin-kiip-alyp-s.html