RU

Алматы базарындағы әжетхана алдында 120 теңгеден ет сатқандар жұртты шошытты (видео)

Алматы қаласының бөлшектелген сауда нүктелерінде сатылатын еттің басым көпшілігі ең бірінші «Алтын орда» базарына әкелінеді. Сол үшін де бұл жерде мал етінің бағасы қаланың өзге аудандарымен салыстырғанда сәл арзандау деп хабарлайды NUR.KZ  порталының тілшісі.

«Алтын орда» базарында ет жабық дүкен ішінде, қала берді дәретхананың алдында да сатылады.

Ең қызығы бұл базардағы жабық ет павильонының  ішінде бір келі сиыр етінің орташа құны - 1550 теңге болса, жентектелген етті сыртта - 120 теңгеден бастап сатады. Арзан азықтың қайдан шыққанын білу үшін NUR.KZ тілшілері ет базарының сыртын аралап, күтпеген жайтқа тап болды.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің кейбір аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, жел тұрады

Павильонның сыртында қасапшылар сойылған ірі малдардың мүшелерін саудагердің қалауына қарай бөлшектеп жатыр. Ал, сол жердегі  кішкене дүңгіршектің жанына ақ халат киген сатушылар үлкен дорбамен еттер қойып кетеді. Оның сөреде тұрып өтпей қалған ескі және жарамсыз екенін мүңкіген иісінен аңғару қиын емес.

Осы ақ пакеттегі етті қасапшы жігіттер ішке кіргізіп жентек ет (фарш) жасауда. Журналистер базар ішінде жасырын түсірілім жасағандықтан, ет жентектейтін дүңгіршекке кіре алмады. Себебі, оған кіру үшін үстіңде ақ халат немесе осы базардың жұмысшысы болуың керек.

Базар ішінде дәретхана алдында тұрып ет сатқандарды да көзіміз шалды. Мұндағы мал еті анағұрлым арзан.

Тағы оқыңыздар: Қостанай тұрғындары тегін бәлішке таласып қалды (видео)

Жентектелген ет 120 теңгеден бастап 800 теңгенің арасында болса, күнсіп кеткен сиыр еті мен тауықтың тоңазтылған сирақтары да әлде қайда төмен бағамен саудалануда. Тіпті келісі 80 теңге болатын сиырдың сүйектері де бар.

Санитар мамандардың сөзінше, елімізде ет өнімдерін далада сатуға түбегейлі тиым салынған. Ашық жерде сауда жасау үшін мұздатқышы бар сөрелер орнатылып, тауар соның ішінде тұруы тиіс.

Ал, мұндай бассыздықтардың Алматыда жиі кездесетінінің себебі - тексерістің жоқтығы. Яғни, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жарияланған мараторийге байланысты тазалық мамандары оларды қадағалай алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598907-almaty-bazarynda-bir-kelisi-120-tenhgeden.html