RU

Отандық танымал әнші шетелдік сымбатты актермен бірге қыдырып жүр (фото)

Жазғы демалысын Америка елінде өткізіп жүрген Ділназ Ахмадиева голливудтық актер Джей Эрнандеспен бірге қыдырып жүр. Ол жуырда ғана елді шулатқан "Отряд самоубийц" фильмінде Эль Диаблоның рөлін ойнаған.

Анықталғандай, әртістер 2004 жылы "Көшпенділер" фильмінде танысқан. Джей онда басты рөлдердің бірін сомдады.

Досын көргеніне қатты қуанған Ділназ оны сағынғанын жеткізді.

"Кездестік-ау әйтеуір... 10 жыл өтті... сені сағынған едім... көргеніме қуаныштымын!",- деп жазды ол желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыздар: Танымал әншілердің сәтсіз шыққан суреттері қандай?

Еске салсақ, 2004 жылы Джей мен Ділназ Қазақстанда бақытты күндерін өткізген. Олар бірге түнгі клубтарға барып, мейрамханаларда тамақ ішіп, үнемі бірге жүрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598918-otandyq-anshi-amerikanynh-tanymal-akte.html