RU

Өзін-өзі атып өлтірген Жампозов бюджет ақшасын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Өзін атып өлтірген "Қазсушардың" бұрынғы басшысы Өмірбек Жампозов бюджет ақшасын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық іс Астанадан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан Ақмол ауылындағы Целиноград аудандық сотында қаралды.

"Жампозов "Өзгенің мүлкін иелену" бабы бойынша кінәлі деп табылсын және қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын", - дейді судья Төлеген Тұрғамбаев.

Тағы оқыңыздар: "Темір адамның" бетпердесімен сабақ жүргізетін мұғалім жұртты таңғалдырды (фото)

Сонымен қатар сот Жампозовты өзгенің сеніп-тапсырылған мүлкін иеленгеніне кінәлі деп тапқан.

Еске салсақ 20 шілде күні ер адам прокуратура алдында атыс шығарып, полицей мен бақылау мекемесі қызметшісін жарақаттаған болатын. Ол артынша өзін атып өлтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598933-ozin-atyp-oltirgen-zhampozovty-sot-byud.html