RU

Қыз алып қашу: барған үйінде еңіреп жылаған бойжеткен жұрттың жүрегін ауыртты (видео)

Әлеуметтік желіде қыз алып қашудың видеожазбасы пайда болды. Кадрдан үйге алып келген жас қыздың үлкендерге бой бермей, жылап отырғанын байқауға болады. Бұл жантүршігерлік видео желі қолданушыларының арасында таралып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Видео Facebook-тегі топтардың бірінде пайда болды. Осыдан кейін оны белгілі блогер Александр Цой өзінің парақшасында жария етті. Кадрлардың қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз.

"Әлемде Тесла дәуірі, Жапонияда сағатына 1200 шақырым жылдамдықпен жүретін вакуумды пойыз шығып жатыр, Голландияда пластиктен мәңгілік жол салып жатыр, Илон Маск теңіз бетіне қона алатын ракетаны олйап табуда. Қытайда сағатына 750 шақырымдық көпірлер салынуда. Қарбалас өмір, алға жылжу, адамдар болашақты 100 жыл бұрын құрып жатыр. Ал сол уақытта Қазақстанда мына жағдай...", - дейді мысқылдаған блогер.  

Тағы оқыңыздар: Өзін-өзі атып өлтірген Жампозов бюджет ақшасын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Аталған видео желі қолданушыларын шошытты. Олар роликпен бөлісіп, бойжеткенге жанашырлық танытты.

Кейбіреулер болған оқиғаны қыздың келісімімен болған деп болжаса, екіншілері бойжеткеннің шын жылап отырғанын тілге тиек етті.

«Қыз алып қашу кей жерлерде әдетке сай деп саналатыны өкінішті. Одан да өкініштісі бұл тақырып біздің қоғамды толғандырмайды. 

Қоғам назарын аударған күннің өзінде қыздардың өздері барып көлікке отырып, өз еркімен келгендей кінәлі жасап қояды, ал жыламсықтау - бақыттан басы айналғандықтан дейді", - деп жазады видеоға пікір қосқан желі қолданушысы.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598957-qyz-alyp-qashu-barghan-uyinde-enhirep-zhyl.html