RU

Астаналық келіншек баласымен бірге 12-қабаттан құлап кеткен

Астананың Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің 12-қабатынан анасы мен баласы құлап кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ана мен баланың құлауына қатысты полицейлер тексеріс жүргізуде. 1976 жылғы әйел мен 2016 жылғы бала болжам бойынша Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің 12-қабатынан құлаған", - дейді полиция.

Тағы оқыңыздар: Байбек жалған нөмірмен қымбат көлікте жүйткіген мұнайшыны ұстап алды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел оқиға орнында қайтыс болған, ал нәресте көптеген дене жарақаттарымен балалар емханасына жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1598995-astanada-ayel-balasymen-birge-12-qabatt.html