RU

Алматы облысындағы әуе апаты: қаза тапқан ұшқыштың кім екені белгілі болды

Алматы облысындағы әуе апатында ұшқыш - 63 жастағы Анатолий Меньшиков қаза тапты деп хабарлады Sputnik Қазақстанға сенімді дереккөз.

МAULE М-7-260С екі орындық ұшағы 25 тамызда Алматы облысы Балқаш ауданында, Жиделі елді мекенінен 20 км жерде құлады.

Құлаған ұшақ "Олжа Бастау" ЖШС-ға тиесілі, олар апатқа қатысты түсінік беруден бас тартты. 

Апатқа ұшыраған ұшақта екі адам болған – ұшқыш пен жолаушы, олардың біреуі қаза тапты. Кейін белгілі болғандай, жолаушы аман қалған.

Тағы оқыңыздар: Өзін-өзі атып өлтірген Жампозов бюджет ақшасын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Аталған оқиға бойынша ИДМ көлік оқиғаларын тергеу бойынша департаменті тергеу жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599104-almaty-oblysyndaghy-aue-apaty-qaza-tap.html