RU

Бауыржан Байбек мұғалімдерге жыртық шалбар туралы мысал айтты

Алматыда өткен тамыз кеңесінде ұстаздар қауымы екі сағат тапжылмай отырып, ұялы телефонға да үңілмей, қала басшысын ұйып тыңдады деп хабарлайды КТК арнасы.

Бауыржан Байбек те жиналғандардың ішін пыстырмас үшін баяндамасын жан-жақты етіп дайындап келген екен. Ол қалада жасалып жатқан ауқымды жұмыстарды білім саласымен байланыстырып отырып жеткізуге тырысты. Жөнделіп жатқан жолдар мен шаһардағы жетпіс шақырымға жуық қоршауды алдырып тастағанын да айтты.

Салық мәселесіне кеңінен тоқталды. Әкімді адамдардың гүл сатып алғанда түбіртек сұрамайтыны да алаңдатады екен. Ол түбіртек сұрамай, сауда жасаған адамға сатушы жыртық шалбар беріп жіберсе ол оны қайта өткізе алмайды деп мысал келтірді.

Тағы оқыңыздар: Samsung басшысы жемқорлық жасағаны үшін бес жылға сотталып кеткен (фото)

Үш тілділік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

"Мысалы, жақсы мейрамханада даяшы үш тілде еркін сөйлеуі керек. Қазақ тілінде және орыс тілінде тапсырыс алу үшін. Және шетелдіктерге қызмет көрсету үшін. Біз универсиада кезінде полицейлерді ағылшынша сөйлеттік. Ағылшын тілі деген мәдениеттің, өркениеттің тілі", - дейді ол.

Тамыз кеңесін өзінің өткір мысалдарымен қыздырған әкім жаңа оқу жылында Алматы оқушыларын қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын айтуды ды ұмытпады.

Мысалы, биыл 1,2 және 5,7-сыныптар жаңа бағдарламамен оқытылса, қалада 33 мектептің 8-сыныптары енді жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өтеді екен. Ол үшін ұстаздар жаз бойы арнайы дайындықтан өткен. Бірақ физика, химиядан әзірге ағылшынша кітап жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599181-bauyrzhan-baybek-mughalimderge-zhyrtyq.html