RU

Бұрын-соңды болмаған сот: Шымкенттік сержант өзіне ұрсып тастаған майорға ренжіп, сотқа берді

Шымкент гарнизонында Қазақстан әскерінде бұрын-соңды болмаған сот отырысы өтті. Сарыағаш қаласының шекара бөлімінде келісім-шартпен жұмыс істейтін іскери қызметкер өзінің командирін сотқа берді. Демалыс күні уақытша босату туралы өтініш айтқан әскери командирінің ұрсын тастағанын қорлау деп түсінген.

Әскери соттағылардың айтуынша, мұндай сот отырысы бұрын-соңды болып көрмеген екен.

Шекараға іссапармен аттанған сержант командирден оны демалысқа босату туралы өтініш айтады. Осы  тұста оның ісспапарда екенін айтқан командирдің сөзіне сержант қатты қорланғанын айтты.

Тағы оқыңыздар: "Сыра королі" Төлешовтің адвокаты кенеттен дүние салып, сот процесі кейінге қалдырылды

"Ол Н. есімді майор өзіне қажетті күні демалысқа жебірмегені үшін ренжіп, майорды жауапкершілікке тарту туралы арыз түсірген. Оның айтуынша, кешке офицерлер ас ішіп отырған кезде сержант кіріп, сұранған. Алайда майор оның қазір іссапарда жүргенін алға тартып, өтінішін орындай алмайтынын айтқан. Себебі бұл кезде олар шекарадағы қоршауларды тексеріп жатқан", - деп түсіндіріп берді әскери соттың судьясы Бүрлібай Каипов.

Осылайша майор сержантқа ешқандай демалыс жазбайтынын айтқан. Сержанттың айтуынша, майор бейәдеп сөздер айтқан. Осы сөздері үшін ренжіген сержант сотқа жүгінген.

Ал заң бойынша сержант іссапарда жүрген кезде сұрануға құқы болмаған.

Сот майордың ісінде еш кінәрат жоқ екенін анықтап, екеуі де әскери қызметін атқаруға қайта жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599236-buryn-sonhdy-bolmaghan-sot-shymkenttik-s.html