RU

Қуат "Найман": Маған Қанат Исламның жұдырықтасу мәнері ұнайды

Қазақстандық танымал жекпе-жек өкілі, Қуат «Найман» Хамитов Қанат Исламның Астанада Брэндон Кукке қарсы өтетін жекпе-жегіне қатысты Qsport.kz порталына өз ойымен бөлісті.

«Жалпы, бұл кездесу жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген екі алыптың шайқасы болайын деп тұр. Екеуі де тәжірибелі болғандықтан, жекпе-жек көрермендердің айызын қандырайын деп тұр. Себебі, бұл кеште спорттық мансабында жеңілістің не екенін білмеген қос былғары қолғап шеберінің біреуі жеңіледі. Яғни, шаршы алаңда QAZAQ-та, Кук те аянып қалмайды.

Осындай тіс қаққан қарсыластар кездескенде нокаут көруіміз неғайбыл. Меніңше, Қанат Ислам ұпай санымен жеңіске жететін сияқты. Әлбетте, нокаутпен жеңсе, нұр үстіне нұр болады деп ойлаймын. Жалпы маған Қанат бауырымыздың жұдырықтасу мәнері ұнайды.

Тағы оқыңыздар: Ене мен келіннің арасын дұрыстайтын амалдармен таныс болыңыз

Шаршы алаңда өзін еркін сезініп, қарсыласын жойқын соққысының астына алады да, дер кезінде қорғанысқа да көше біледі. Отандасымыздың Алматыда өткізген кездесуі ең керемет жекпе-жегінің бірі болды деп ойлаймын. Қазақтың жігіттері Қанат Ислам сияқты болса, елімнің барлық ерлері намысқой, ұлтжанды болатын еді», – деп жекпе-жек туралы пікірін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтетін кештің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат QAZAQ Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін канадалық Брэндон Кукқа (18-0, 11 КО) қарсы өтетін жекпе-жекте қорғайды.

Сонымен қатар, бұл бокс кешінде Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Нұрсұлтан Жаңабаев секілді отандастарымыз өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599287-quat-nayman-maghan-qanat-islamnynh-zhudy.html