RU

Cемейде айы-күні жақындап қалған жүкті келіншекті көлік қағып кетті

Семейде жүкті келіншекті жаяу жүргінші өткелінде көлік қағып кетті. Куәгерлердің айтуыша, соққының қатты болғаны соншалық әйелдің жанындағы жолдасын алысқа ұшырып жіберген деп хабарлайды 31 арна.

Ашуға булыққан азамат ет қызумен орнынан атып тұрып, көлік иесіне қол жұмсаған. Тек оларды сол маңда жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары арашалап жол патрульдік полициясын шақырған.

Тағы оқыңыздарҚуат "Найман": Маған Қанат Исламның жұдырықтасу мәнері ұнайды

Оқиға кеше кешкісін сағат жетілер шамасында Қабанбай батыр және Герцин көшелерінің қиылысында орын алған. Абырой болғанда, жүкті келіншек дін аман екен.

Оны сол жерде жедел жәрдем қызметін шақырмай жолдасы таксимен алып кеткен. Ал қаққан көліктің жүргізушісі бар болғаны айыппұлмен құтылып, тоғыз айға жүргізуші куәлігінен айырылыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599291-cemeyde-ayy-kuni-zhaqyndap-qalghan-zhukti.html