RU

Жоғалып кеткен семейлік қыз Алматыдағы жалдамалы пәтерден табылды

Бір ай бұрын Семейде жоғалып кеткен 19 жастағы Жансая Сафаева Алматыдан табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл мәліметті еріктілер растады.

"Кеше сағат 16.50-де бізге Алматыдан хабарласты. Бір әйел жоғалып кеткен қыздың оның кафесінде жұмыс істейтінін айтты. Еріктілер сол жаққа барды, бірақ қыз жұмыс орнында болмапты. Жалдамалы пәтерінде болған", - дейді "RINA. KZ-Семей" еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгения Павел.

Тағы оқыңыздар: Cемейде айы-күні жақындап қалған жүкті келіншекті көлік қағып кетті

Қыздың мұндай әрекетке баруының себебі белгісіз.

Еске сала кетейік, 19 жастағы Жансая Сафаева 14 шілдеде жоғалып кеткен болатын. 2017 жылдың 14 шілдесінде шамамен күндізгі сағат 4-терде үйден шығып кетіп сол күйі оралмаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599325-zhoghalyp-ketken-semeylik-qyz-almatyda.html