RU

Алматыдағы жол апаты: Mercedes тізгіндеген бойжеткен автобусқа соғылды (фото, видео)

Алматыдағы Достық даңғылында қоғамдық көлік жол апатына ұшырады деп хабарлайды Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төтенше жағдай Чайкин мен Достық көшесінің қиылысындағы "Қазақстан" шипажайының жоғары жағында орын алды деп жазады Zakon.kz.

Жолаушылары бар автобус Mercedes автокөлігімен соқтығысып қалған.

Алматы қалалық ІІД мәлімдеуінше, жеңіл көлікті тізгіндеген бойжеткен оқиға салдарынан зардап шеккен.

Тағы оқыңыздарCемейде айы-күні жақындап қалған жүкті келіншекті көлік қағып кетті

Апат орнында полиция қызметкерлері мен дәрігерлер жұмыс жасап жатыр.

Sputnik Казахстан хабарлауынша, жол-көлік апатынан кем дегенде 10 адам жарақат алған.

Куәгерлердің айтуынша, автокөлік жүргізушісі белгісіз себептермен жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, автобуспен қақтығысып қалыпты.

Тағы оқыңыздар: Жиында музыканы шатастырып алғаны үшін қуылған шенеунік қызметіне оралған

Алдын-ала жасалған болжам бойынша, Mercedes көлігіндегі жас қыз рөлге ие бола алмай қалған.

Ескерту! Видеода этикалық норматив сақталмаған!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599359-almatydaghy-zhol-apaty-mercedes-tizgindegen-bo.html