RU

Назарбаев Ресей президентіне көңіл айтып, жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге биылғы 25 тамызда Краснодар өлкесіндегі жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустағы көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Тағы оқыңыздар: Жиында музыканы шатастырып алғаны үшін қуылған шенеунік қызметіне оралған

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599370-nazarbaev-resey-prezidentine-konhil.html