RU

Қарағандылық ата-ана аптап ыстыққа қарамай, баласын көлікке қамап кеткен

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде кішкентай сәбиді көлікке қалдырып, өздері базар аралап кеткен ата-ананың видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Самал ықшам ауданында кішкентай баланы көлік ішіне құлыптап, ата-анасы сауда жасауға кетіп қалған. Абырой болғанда, көшеден өткендер полиция шақырыпты. Сақшылар базардың түкпір-түкпірін іздесе де, баланың анасын да, әкесін де таба алмады.

Көліктің есігін ашып, балаға су берді. Сырттағы температура 30 градус шамасында, ал жабық көлік ішінде одан бетер!

Тағы оқыңыздар: Жиында музыканы шатастырып алғаны үшін қуылған шенеунік қызметіне оралған

Жарты сағат өткен соң ата-анасы оралды. Істің соңында әдет бойынша, анасы естен танып, әпкесі ұрысып, әкесі үндемеді. Олар тиісті жазасын алады деген үміттемін. Бей-жай қарамағандарға рахмет", - деп жазады видео авторы.

Желі қолданушыларының көпшілігі бұл оқиға Қарағанды қаласында болғанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599390-shymkenttik-ata-ana-aptap-ystyqqa-qara.html