RU

Қуат «Найманды» жекпе-жекке шақырған боксшы жеңіске жетті

Бүгін «ЭКСПО-2017» көрмесінің Амфитеатр сахнасында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық Әмірхан Төлеуов ресейлік қарсыласы Андрей Кременсовты жеңді деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл - Әмірхан Төлеуовтің кәсіпқой бокстағы екінші жеңісі. Осылайша, ресейлік боксшы алғашқы раундта жекпе-жекті аяқтауға мәжбүр болды.

Тағы оқыңыздар: Қуат "Найман": Маған Қанат Исламның жұдырықтасу мәнері ұнайды

Еске сала кетейік, казақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов бір сұқбатында боксшы Әмірхан Төлеуовтің жекпе-жекке шақырғанына қатысты пікірін білдіріп, «Мені неге бейшаралар ғана жекпе-жекке шақыра береді?» деген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599441-quat-naymandy-zhekpe-zhekke-shaqyrghan.html