RU

Антальядан Астанаға ұшатын 138 жолаушы елге жете алмай, дал болды

"Эйр Астана" әуекомпаниясының Анталья-Астана рейсі техникалық жарамсыздық салдарынан елге жете алмай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Техникалық жарамсыздық салдарынан Анталья қаласының әуежайында Боинг 757 ұшағының рейсі кешігуде. Әуе тасымалдаушының мәліметінше, 138 жолаушы қонақүйге жайғастырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша, олар 27 тамыз күні сағат 13;00-де елге қайтпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599473-antalyadan-astanagha-ushatyn-138-zholaushy.html