Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйдің ауласынан ес-түссіз жатқан екі бала табылды: бірі көз жұмған

Опубликовано:

Мәскеу түбіндегі Люберцы қаласында 10 жасар бала газдан уланып көз жұмды, тағы бір жасөспірім ауруханаға түсті. Бұл туралы «Лента.ру» хабарлады.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметінше, кеше сағат 19:00-де (Мәскеу уақытымен) Преображенская көшесіндегі үйдің ауласында ес-түссіз жатқан он жасар екі бала табылған. Олардың бірі ауруханаға жеткізілді, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Дәрігерлер екінші баланың көз жұмғанын хабарлады. Дереккөздің айтуынша, ол газдан уланып қалған.

«Балалар «зажигалканың» газын иіскеп, рақатқа бөленбек болыпты. Трагедияға осы жағдай себеп», – деді ол.

Тағы оқыңыздар: Хакерлер «Тақтар ойыны» сериалының соңғы бөлімін жариялап жіберген

Ресей Тергеу комитеті Мәскеу облысы бойынша Бас тергеу басқармасының ресми өкілі Варвара Заева қайғылы оқиғаны растады.

«Қазіргі таңда оқиға орнында тергеуші жұмыс істеп жатыр, істің мән-жайы анықталады. Қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда», – деді Заева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1599608-uydinh-aulasynan-es-tussiz-zhatqan-eki-b/

pixel