Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір ай бұрын жоғалған алматылық бойжеткеннің анасы қызына видео арнап, елді жылатты (видео)

Опубликовано:

Алматы облысында 10 шілде күні із-түзсіз жоғалып кеткен Назерке Әріптің анасы қызына арнап жантебірентерлік видео арнады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қыздың анасының видеосы Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Карлығаш Мудуарованың парақшасында пайда болған.

Видеода Назеркенің анасы көзіне жас алып, қызынан үйіне қайтуды сұраған.

"Назерке, жаным, сені жақсы көреміз және күтіп жүрміз. Үйге қайт. Егер ренжітіп қойсақ, кешірші", - деді ол. 

Сонымен бірге ол Назеркені ұрлап кетуі мүмкін кісілерден де қызын қайтарып беруді сұрады. 

"Егер кімде-кім қызымды күштеп ұстап отырса, немесе оған қамқор болып жатса, өтінемін, үйге қайтарыңдаршы. Қудаламаймыз деп уәде береміз. Бұған күмәніңіщ болмасын", - деді ол.

Еске салсақ, Әріп Назерке Дарханқызы 10 шілде күні сағат 13.40-та Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта келмеген.

Биыл бойжеткен мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1599718-bir-ay-buryn-zhoghalghan-almatylyq-boyzhe/

pixel