RU

Қазақстанда білім гранттары иегерлерінің соңғы және толыққанды тізімі шықты

Білім гранттарын үлестіру жөніндегі байқау комиссиясы өз жұмысын аяқтады деп хабарлайды Қазақстан БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жоғарғы білім беру үшін 34 907 білім гранты бөлінген. Медициналық мамандықтар бойынша барлығы 3794 грант бөлінген.

Оның ішінде "Алтын белгі" иегерлеріне 4664 грант, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға 551, жарымжан балаларға 367, жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен ардагерлерге теңестірілген тұлғаларға 42орын бөлінген.

Сонымен бірге биыл алғаш рет физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын болашақ мұғалімдерге 642 білім грантын бөлу ұйғарылды.

Тағы оқыңыздар: Қымбат көлік тізгіндеген халық депутатының ұлы жаяу жүргіншіні қағып кетті (фото)

Білім гранттары талапкерлердің ұлттық бірыңғай тестілеуден алған балдары және таңдаған мамандығы бойынша кешенді тестілеуден алған балдары бойынша, сондай-ақ, заңда белгіленген санаттағылар үшін қарастырылатын жеңілдіктерді ескеріліп бөлінді.

Бүгінгі таңда білім грантының тағайындалғанын растайтын куәліктер, оның ішінде медицина мамандықтарына қатысты күәліктер де, ЖОО қабылдау комиссияларына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599833-qazaqstanda-bilim-granttary-iegerle.html