RU

Елуінші рет жеңіске жеткен Мейвезер: "Би билеуге" жақсы жұп таңдаппын

Ешқашан жеңіліп көрмеген америкалық кәсіби боксшы Флойд Мейвезер ММА балуаны Конор Макгрегорге қарсы кездесуде елуінші рет жеңіске жетті.

Жекпе-жек Лас-Вегаста сенбі күні бокс ережесіне сай өткізілген болатын. Мейвезер Макгрегорды оныншы ранудта техникалық нокаутпен ұтты.

Тағы оқыңыздар: Қымбат көлік тізгіндеген депутаттың ұлы жаяу жүргіншіні қағып кетті (фото)

Жеңісінен соң америкалық боксшы мәлімдегендей, бұл оның мансабындағы соңғы кездесуі. Сонымен, Мейвезер кәсіби рингке елу рет шығып, ешқашан жеңілмеген.

"Бүгін кешке, ханымдар мен мырзалар, менің соңғы жекпе-жегім болды. "Би билеуге" жақсы жұп таңдаған екенмін", — деді Мейвезер жеңісінен соң.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599920-eluinshi-ret-zhenhiske-zhetken-meyvezer-b.html