RU

Атақты қазақстандық вайнерлер Астанадағы фестивальде шу шығарған (фото)

Елордамыз Астанада қазақстандық вайнерлердің "Astana Vine Fest" фестивалі өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараның соңы жанжалға ұласқан. Танымал вайнерлердің бірі Нағима "номинацияларды табыстау әділетсіз өткенін" жайып салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Kazpravda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фестивальде көрермендер мен төрешілердің назарына 22 бейнеролик ұсынылған. Нәтижесінде номинациялар бойынша келесі вайнерлер жеңімпаз атанған: «Халық таңдауы» – Togy_Dell; «Үздік әйелдер рөлі» – Нагимуша; «Үздік ерлер рөлі» – Meirzhan_bas_production; «Үздік эпизодтық рөл» – Azimakula; «Үздік жыл ролигі» – T_Jokers.

Тағы оқыңыздар: Бір күнде екі жүлде: Димаш Құдайберген тағы да марапатталды (фото)

Әр жеңімпаз 300 мың теңге және V әрпі түріндегі статуэткадан алды.

Іс-шараның соңында сахнаға номинацияны табыстау әділетсіз өтті деп санайтын вайнерлер шықты. Олардың арасында "Үздік әйелдер рөлі" номинациясын жеңген Нағима да бар.

"Мен қазір ойымдағыны айтқым келіп тұр. Жарты балалар кетіп қалды. Олар сыртта "Біз кім үшін келдік?" деп ренжулі тұр. Ұйымдастырушыларға тікелей айтарым, бұл сайысты жыл сайын өткізгілеріңіз келсе, мына жайтты болашақта ескере жүрсеңіздер. Вайн мен кеше ғана телефонға түсіріле салынған скетчті ажырата біліңіздер! Ақша жинап, үш жыл бойы түсіріп, нағыз сапалы вайн әзірлеген 17 жастағы оқушылар жеңе алмады. Себебі, біздің төрешілер әділетсіз! Себебі, бәлкім бірге КВН-да ойнап, өз адамдарына жеңісті бере салды! Мен барлық номинанттарды шын жүректен құттықтап, сәттілік тілеймін! Алайда сапалы әрі жақсы дайындықпен келгендер өз жүлдесін ала алмай кеткеніне қынжыламын", - дейді Нагимуша.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің кейбір аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, жел тұрады

Зал вайнердің сөзін өолдап, ду қол шапалақтады.

Vine Fest іс-шарасының төрешілері арасында Нұрлан Қоянбаев пен Досжан Табылды секілді КВН жұлдыздары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599935-tanymal-qazaqstandyq-vaynerler-asta.html