RU

Қайрат Нұртас пен Лободаны тыңдап, мәз болған Жақсыбеков астаналықтарды сүйсінтті (видео)

Светлана Лобода және Қайрат Нұртас сынды танымал әншілерге сүйсіне қарап, қаттырақ шапалақ ұрып, езуі екі құлағына жетіп отырған Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков астаналықтарды сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Күні кеше Астана қаласында жыл сайынғы дәстүрге айналған халықаралық «Астана Дауысы» фестивалі өтті. Музыкалық кешке Светлана Лобода, Бьянка, Григорий Лепс, Ева Симонс, Араш секілді әлемдік жұлдыздармен қатар Қайрат Нұртас бастаған қазақстандық танымал әншілер қатысты.

Залдың қақ ортасында жарқын күлкісімен көзге түсіп отырған Әділбек Жақсыбековты байқамай қалу мүмкін емес еді - өйткені Лобода мен Қайрат Нұртастың әндері белгілі шенеунікке қайталанбас әсер сыйлаған.

Тағы оқыңыздар: Жастар биін нақышына келтіріп орындаған егде жастағы ер адам тойды жандырды

Астана әкімі Қайратты марапаттаған сәтте оның жүзі тіптен нұрлана түсті.

Бақытты Жақсыбеков мырза жанында отырған қала тұрғындары мен қонақтарына да күлкі сыйлағаны анық байқалды. Олар мемлекет қайраткерінің позитивті отырысына қарау үшін қайта-қайта бұрылып қарай берген. 

Ал Светлана Лобода сондай жанкүйері болғаны үшін өзін бақытты сезінетінін жеткізді.

«Сіздердің билік өкілдеріңізбен көптеген мерекелік кештерде бірнеше рет кездестік. Сондықтан да біз жақын болмаса да, таныспыз. Мен үлкен жұмыстар атқаратын азаматтарға әрдайым үлкен құрметпен қараймын. Бұл оңай емес», - деді әнші.

Тағы оқыңыздар: Танымал қазақстандық вайнерлер Астанадағы фестивальде шу шығарған (фото)

Жақсыбековпен бірге хит әндерді тыңдап, құлақ құрышын қандырғандар қатарында әкім Әсет Исекешов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Муз-ТВ арнасының бас директоры Арман Давлетьяров пен Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов та болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599955-qayrat-nurtas-pen-labodany-tynhdap-maz.html