RU

Қопарылған көшелер мен құлатылған қақпалар: Бүгінде Алматының кейпі қандай? (фото, видео)

Алматыда қала кейпі белсенді түрде өзгертіліп жатыр. Көшелердің қопарылып, қақпалардың құлатылғаны қалалықтар үшін әдеттегі көрініске айналған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

NUR.KZ тілшілері оқу жылы басталар алдында орын алған Алматыдағы өзгерістерді көрсету мақсатында көшелерді аралап шықты.

Әл-Фараби даңғылында ҚазҰУ қақпасы жөнделіп жатыр. Нәтижесінде университет аймағының дені әзірге қақпамен қоршалмай тұр.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас пен Лабоданы тыңдап, мәз болған Жақсыбеков астаналықтарды сүйсінтті (видео)

"Нұр" атты ислам университетінің де кейпі осындай. Ал Гагарин көшесінде қақпаны алып тастағандары жергілікті тұрғындарды алаңдатып қойды.

Себебі қақпа балалар алаңын көлік жолынан қоршап тұратын. Ал енді қақпаның болмағанынан аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдайтынын жасырмады.

"Сөзсіз, қақпа болуы тиіс. Себебі мұнда балалар алаңы. Бала қашан да көлік жолына жүгіріп кетуге тырысады. Әрине аналар балаларына бас-көз болады. Дегенмен бәрі де болуы мүмкін. Балалар бүгінде тым белсенді", - дейді жас ана Оксана. 

Тағы оқыңыздар: Танымал қазақстандық вайнерлер Астанадағы фестивальде шу шығарған (фото)

Есентай өзенінің көпіріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Панфилов көшесін билік жаяу жүргіншілерге арнауды ұйғарған. Бүгін жұмыскерлер онда плиткаларды жайғастыруда.

Жамбыл көшесінен Қабанбай батырға дейін жер қорпарылып тасталған. Онда қазылған шұңқырға ешқандай қоршау қойылмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599975-qoparylghan-kosheler-men-qulatylghan-qa.html