RU

Туған інісіне өз бауырын бөліп берген шымкенттік жігіт оны өлімнен аман алып қалды

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында Созақ ауданы Жартытөбе ауылының 28 жастағы тұрғыны Рауан Әбеновтiң бауырына трансплантация жасалды деп хабарлайды Baq.kz.

"Денсаулығымда кiнәрат барын үш жыл бұрын бiлдiм. Бауырыма суық тигiзiп, немқұрайдылық танытып жүрiп, ауруымды асқындырып алдым. Ақырында ота жасатуға тура келдi. Содан осы Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына келдiм. Қазiр жағдайым жақсы", – дейдi күрделi отадан бiр аптадан аса уақыт бұрын шыққан Рауан Әбенов.

Тағы оқыңыздар: Танымал қазақстандық вайнерлер Астанадағы фестивальде шу шығарған (фото)

Рауанға донор болуға өзiнiң туған ағасы Руслан келiсiм берген екен. Науқастың да, донордың да жағдайы қазiр дәрiгерлердiң бақылауында.

"2014 жылдан берi бiздiң ауруханада бауырға 9 трансплантация жасалса, оның үшеуi шетелдiк дәрiгерлердiң қатысуымен жүзеге асты. Сондай оталардың бiрi бауыр циррозы диагнозы қойылған Рауан Әбеновке жасалды. Оған туған ағасы Руслан Ташимов донор болды. Оның бауырының 54 пайызын кесiп алып, iнiсiне ауыстырып салдық", – дейдi Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрiгерi Биғалиев.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің кейбір аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, жел тұрады

Бауыр ауыстыру отасын аталмыш аурухана дәрiгерлерi шетелдiк мамандардың қатысуынсыз жасаған. Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, облысымызда бауыр ауыстыру отасын қажет ететiн науқастардың саны 30-дан асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600015-tughan-inisine-oz-bauyryn-bolip-bergen.html