RU

Ақтөбе облысында әйелі мен ұлы ұрланғанын айтып, дабыл қаққан шенеунік ұятқа қалды

Ақтөбе облысындағы басқарма басшылары бірінің орынбасары белгісіз біреулер ұлы мен әйелін ұрлап кеткенін айтып, полицияға жүгінді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 17 тамыз күні шамамен сағат 3:30-да болған.

Ер адам әйелі мен ұлын ауласында белгісіз біреу «Мицубиси- Паджеро» көлігіне күштеп отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткенін айтқан. Оның әйелі 37 жаста болса, ұлы төртте. 

Тәртіп сақшылары бірден белсенді іздеу жұмыстарын жүргізіп, түні бойы әлгі көлікті іздеген. Одан бөлек ауладағы барлық темекі тұқылдары мен сағыз қағаздарын теріп, қылмыскердің ізін табуға тырысқан.

Тағы оқыңыздар: Үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекованың тойы қалай өтті? (фото, видео)

Келесі күні түсте ер адамның әйелі үйіне оралды. Ол күйеуімен ұрысып қалып, таксиде ұлымен бірге құрбысының үйіне кеткенін алға тартты.

Ал 41 жастағы азаматқа әйелі мен ұлын ұрлау сәті елестеп кеткен болып шықты. Қылмыстық іс қылмыс құрамы анықталмағандықтан жабылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600017-aqtobe-oblysynda-beldi-sheneunik-uly-m.html