RU

Тегін бәлішті бөлісе алмай, таласып қалған қостанайлықтар желіде талқыға түсті (видео)

Қостанай тұрғындары тегін бәлішті бөлісе алмай, таласып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

26 тамыз күні Қостанай күнінде қалалықтарға тегін шарлотка таратылды. Алмадан шасалған алып бәліштер қала тұрғындарына ұнап қалғаны соншалық, олар тәттіні бөлісе алмай, таласып қалған.

Тағы оқыңыздар: Белгілі ресейлік әнші Қостанай әуежайында күтпеген жерден есінен танып қалған

Бастапқыда бәліштен дәм татып қана жүрген тұрғындар соңына қарай сөмкелерін жанталаса бәлішке толтыра бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600059-qostanay-turghyndary-tegin-balishke-ta.html