RU

Әлем жұлдыздары бір көруді армандайтын небәрі 15 жастағы бай баласы кім?

Дубайдағы ең жас қалталы бала Рашид Бельхас небәрі 15 жаста. Жасөспірімді бір көруге әлем жұлдыздарының өзі кезекке тұрады. Бұл туралы NUR.KZ порталы videoboom.cc сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Рашид бай болғаны соншалық, әлемдік жұлдыздар оны аса қызықтыра қоймайды. Есесіне жұлдыздардың жасөспірімге деген қызығушылығы жоғары.

Олар Рашидке қонақ болу үшін оның жеке хатшысына хабар беріп, кезекке тұрады. Рашид бүгінде ең қымбат кроссовкалар желісінің қожайыны. Жұлдыздарды да осы жайт қызықтыратын сыңайлы.

Тағы оқыңыздар: Парламент палаталарының бірлескен отырысы қай күні өтетіні белгілі болды

Одан бөлек Рашидтің жеке зәулім үйі мен зообағы бар. Зообақта сирек кездесетін жолбарыстар, арыстандар мен өзге жануарлар мекен етеді.

Жасөспірім бар байлықты құрылыс магнаты болып табылатын әкесі Саиф  Ахмед Бельхастан иеленген.

Тағы оқыңыздар: Қостанай тұрғындары тегін бәлішті бөлісе алмай, таласып қалды (видео)

Рашидте қонақта болып қайтқан жұлдыздар арасында Пэрис Хилтон, Криштиану Роналду, Лионель Месси, Никки Минаж бен өзгелер бар.

Қымбат көліктерді ұнататын Рашид 18-ге тола қоймаса да, өзіне Ferrari көлігін алып қойған. Ол кәмелет жасқа толатын күнін тағатсыздана күтіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600088-alem-zhuldyzdary-bir-korudi-armandayt.html