RU

Теміртауда несие беретін мекемеге тапа-тал түсте қарашылық шабуыл жасалды (видео)

Теміртау қаласында шағын несие беретін мекемеге қарақшылық шабуыл жасалып, белгісіз біреу тонап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Күдікті  ер азамат алдымен ғимаратқа кіріп, артынша кассаның терезесін қолымен ұрып сындырып, ішке енген соң менеджер қызды қорқытып, балағаттағаны және кассадағы ақшаны алып кеткені видеоға түсіп қалған.

Бұл бейнежазбаны facebook әлеуметтік желі  қолданушысы Бекжан Киманов есімді азамат өзінің жеке парақшасына жариялады.

Ескерту, бейнежазбада бейәдеп сөздер бар.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбе облысында әйелі мен ұлы ұрланғанын айтып, дабыл қаққан шенеунік ұятқа қалды

«Оқиға 27 тамыз күні болды. 30 жастағы жергілікті тұрғын шағын несие беретін мекемеге қарақшылық шабуыл жасап, кассадан 174 мың теңгені көтеріп кеткен. Жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер  күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Ұрлаған ақша да айғақ зат ретінде қалтасынан табылды. Қазір ол уақытша екі айға қамауға алынып, үстінен қылмыстық кодекстің 192 бабы, 2 тармағы (қарақшылық шабуыл) бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Кассир қыз ешқандай жарақат алмаған, күдікті оны тек пышақпен қорқытқан», - деді  Қарағанды облысының ІІД баспасөз жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1600290-temirtauda-belgisiz-bireu-nesie-bere.html